Француз отбасы алматылық полицейлердің қонақжайлығына тәнті болды

10 Маусым, 2019 393 0

NewsROOM+. Алматы қаласының полицейлері елімізде саяхаттап жүріп қиындыққа тап болған француз отбасына көмектескен, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Франциядан келген Бриан отбасы қазақстандықтарға жақсы таныс. Екі ай бұрын олар Шымкент қаласында болып, жергілікті полицейлердің қонақжайлылығын ерекше атап өткен болатын.

"Сильвалар, Вивьян мен Бриан және олардың төрт баласы бүкіл әлем бойынша саяхаттап жүр. Шымкентке барған сапарынан кейін қонақтар Алматыға келді. Бұл дөңгелекті үлкен үй, оны жөндеу өте қымбат болды. Біздің Департамент басшылығы саяхатшылардың мәселесі туралы білгеннен кейін, бұл отбасына барынша қолдау көрсету тапсырылды. Автоорталық біздің өтінішіміз бойынша Сильва Бриан үшін жеңілдік жасады. Көлікті жөндеу көп уақыт алды. Сондықтан шетелдік отбасына полиция департаменті тарапынан тұрғын үйді жалға алуға көмек көрсетілді", - деді Алматы қаласы ЖП туристік полициясының аға инспекторы полиция капитаны Жеңісбек Шалбаев.

Өз кезегінде, Бриан Алматы полицейлеріне көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді. 

"Біздің мәдениетіміз әртүрлі. Маған Қазақстанда қонақжайлылық, парасаттылық және адамгершілік мәселелеріне қалай қарайтындығы ұнайды. Біз өмірде қиын жағдайға тап болған кезде, бізге Алматы полицейлері көмектесті,олар біздің қауіпсіздігімізге алаңдады. ІІМ - нің, Алматы полициясының басшылығына және туристік полиция қызметкерлеріне жеке алғыс білдіремін", - деді Сильва Бриан.

Тегтер: алматы, полиция, француз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.