Еркін Нұржанов: Тоқал алған дұрыс. мен алатын кезде келіншегімнен рұқсат сұрамаймын, дінге сай ол кісіге ескертемін

10 Маусым, 2019 889 0

NewsROOM+. Танымал әнші Еркін Нұржанов тоқал алуға еш қарсы емес. Тек нәпсіге салынбай жетім мен жесірді бақытты ету мақсатында болса дейді. Нұржанов тіпті алдынан осындай «көмекке» зәру әйел шықса үйленуге де бар, деп жазды KYN.KZ

«Тоқал алудың да өз жолы бар. Мысалы тағы бір 16  жасар қыз болса деп нәпсінің жетегінде кеткен дұрыс емес. Шынында Алла разылығы үшін жетімді жылатпай, жесірді мұңайтпау үшін жасалса қарсы емеспін.

Өзімнің басыма келіп жатса мен алар едім. Алар алдында келіншегімнің пікірі екі жүз пайыз белгілі ғой. Сондықтан ол кісіге жай ескертер едім. Құранда солай айтылады ғой?»,-деді әнші  Еркін Нұржанов өзіне осы сұрақты қойған Қарақат Әбілдинаға.

Нұржанов  әннің сөзіне орысша сөз қосып, мәтіні мәнсіз әріптестерінің өлеңін тыңдағанда қысылады екен. Жағымсыз тұсын айтуға келгенде жанашырлығын дұрыс түсінбей қызғанышпен шатастырып алады ма деп қорқады.

 

Тегтер: ЕркінНұржанов, тоқал

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.