Екі бала ескі тоңазытқыш ішінде тұншығып өлді

07 Маусым, 2019 316 0

NewsROOM+. Ыстықкөл облысы Түп ауданының Михайловка ауылында ескі тоңазытқыштың ішіне кіріп алған екі кішкентай бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, қайғылы оқиға 3 маусым күні орын алған. 4 және 6 жасар ағайынды екі бала аулада ойнап жүріп, кенеттен жоғалып кеткен. Оларды сағат 11:55-те іздей бастап, 17:00-ге таман аулада тұрған ескі тоңазытқыштың ішінен тауып алған.

Видеодан кадр

Алдын ала дерек бойынша, ойнап жүрген балалар тоңазытқыштың ішіне кіріп алған. Есігі жабылғаннан кейін олар ішінен аша алмай қалған. Бұл факті қылмыстардың бірыңғай реестрінде қайғылы жағдай деп тіркелді.
Дереккөз: zakon.kz

Тегтер: тоңазытқыш, өлім, қырғызстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.