Жүрсін Ерман казиноға жиі баратыны туралы,осыған дейінгі ең бағалы ұтыстары жайлы ашық айтты

06 Маусым, 2019 560 0

NewsROOM+. Ақын Жүрсін Ерман казино ойнайтындарды айыптай қарайтындарды түсінбейді. Дұрыс демалып, көңіл көтеріп қайтатын орынды  жеккөретіндердің атарынан емес кенін ашық айтады, деп жазды KYN.KZ

«Карта, бильярд ойнағанды жақсы көремін. Казиноға да бұрыннан барып тұратынымды жасырмаймын. Мен мемлекеттік қызметте емеспін.

Сондықтан оны жасырып отырудың да жөні жоқ. Ақшам болған сәтте барып демалып қайтамын. Көп қаржы жұмсаймын деп айтпаймын.Бізде құмар ойындарға жеккөрінішпен қарайды.

Еуропада болса, жұрт тынығуға барады. Сол жерде отырып, әдемі классикалық музыка тыңдап, бірімен бірі шүйкірлесіп, дәмді ас ішіп, демалып қайтады.

Мен ұтуға да, тынығуға да барамын. Ыңғайы келсе, ұтқым келіп тұрады, әрине. Бірақ, олай бола бермейді ғой. Ең үлкен ұтысым — 31 мың доллар.

1-2 мың АҚШ долларын алып барамын. Одан кейін бір джип көлігін ұттым. Сол кезде немерем мектеп бітіріп жатыр еді соған сыйлай қойдым»,- дейді ақын Аман Тасығанға берген сұхбатында.

 

Тегтер: ЖүрсінЕрман, казино, айтыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.