Қазақстанда жаңа қала пайда болады

06 Маусым, 2019 800 0

NewsROOM+. Қазақстанда жаңа курорттық қала салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды newsroom.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Қапшағай суқоймасының солтүстік жағалауында Тенгри қаласы пайда болуы мүмкін. Нысанға 2,6 мың гектар жер таңдалып қойған екен. Бұл жер "Жаңа Іле" туристік орталығының бас жоспарына енген болатын. Алайда орталық сол бойы салынбады.

Мәдениет және спорт министрлігі қазір осы ұсынысты талқылауда. Олар премьер-министрмен қатар түрлі министрліктердің және Алматы облысының билік өкілдерінен құрылған жұмыс тобын құрмақшы.

Белгілі болғандай, аталмыш жоба Алматы тау кластерінің бір бөлігі болып табылады екен. Жоба елімізде туризмді дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Тегтер: қазақстан, жаңақала, жер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.