Елімізде жыл басынан бері 76 адам суға батқан

06 Маусым, 2019 317 0

NewsROOM+. Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты.

ТЖК төрағасы Владимир Беккердің сөзінше суға ағып кеткендердің 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны - 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес.

Сондай-ақ, суға батып кеткендерді есепке алу жүйесі осы жылдан бастап өзгертілгенін айтты.  

«Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді өкпесіне су жиналып өлгендердің бәрін тіркейміз. Сонда біз қай жерде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігін түсінеміз», - деді Владимир Беккер. 
Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: су, бату, жасөспірім, төтеншежағдай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.