«Айқынға жаңалық, «Кешьюде» новый поступления»: Әнші өзін сахнада әжуа еткендерге жауап берді

05 Маусым, 2019 284 0

NewsROOM+. Танымал әнші Айқын Төлепберген  мен Жұлдыз Өмірғалидың махаббаты біраз әзілкешке арқау болғаны рас. Ең зілді әзіл КВН сахнасында орындалды, деп жазды KYN.KZ.

Әзілкештер қойылым барысында «Айқын мен Дәуреннің құлағына алтын сырға. «Кешьюде новый поступление» деп халық толы залды қыран-топан күлкіге қарық қылған еді.

Айқын телеарнаға берген сұхбатында осы әзілді қалай қабылдағанын әрі бүгінде халық үнді махабатына теңеп жүрген Жұлдызды алғаш көріп, оныман байланысты қалай бастағанын әңгімелеп берді.

«Жұлдызды алғаш рет Шымкенттегі тойлардың бірінде кездестіріп қалдым. Бір столдың басында қарама-қарсы отырдық. Содан өзім Инстаграмына кіріп жекесіне жаза бастадым. Негізі бәрін бастаған өзім»,- дейді Айқын. Ал жоғарыдағы әзілге орай «Мен өзімді келемеждеген әжуаны жақсы көтеремін. Бірақ, Жұлдызға жететіні жоқ»,- деп қысқа қайырды.

Тегтер: АйқынТөлепберген, ЖұлдызӨмірғали, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.