Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін 5,5 млн теңге ұрлаған

05 Маусым, 2019 129 0

NewsROOM+. Ресейдің Нижневартовск қаласында банк қызметкері жұмыс берушісінің есебінен үйлену тойын өткізбек болған, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.

Жігіт екі ай ішінде өз атына төрт жалған несие келісімшартын ресімдеген. Қулығын іске асырмақ болған "күйеу жігіт" көп ұзамай ұсталып, алаяқтық ісі қозғалды.
"Банк алаяқтың шотына 950 мың рубльден (5,5 миллион теңге) астам қаражат аударған. Ер адам ұрлаған ақшаны өз қажетіне жаратыпты", - деп мәлімет берді өңірдің прокуратурасы.

Бұған дейін 27 мамырда Башқұртстан тұрғыны – банк кассирі Луиза Хайруллина 23 миллион рубль (138 миллион теңге) ұрлап кеткен. Оқиға белгілі болғанда, Хайруллина мен отбасы үйінде жоқ болып шықты. БАҚ мәліметінше, кассирдің жоспары туралы балалары білген. Қазір әйелді полиция іздеп жатыр, ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

elitar.kz

Тегтер: банк, үйлену, той

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.