Баспана алу үшін мұғалімдер мен дәрігерлерге қандай талаптар қойылады

05 Маусым, 2019 587 0

NewsROOM+. Қазақстан ипотекалық компаниясы мен ҚР ДСМ, ҚР БҒМ арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды.

Жобаны жүзеге асыруға шамамен 40 млрд теңге «ҚИК» ИҰ» АҚ меншікті қаражаты мен нарықтық талаптарға сәйкес, қарызға алынған қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаға қатысу үшін бірнеше талаптар бар. Олар: соңғы бес жылда қызметкердің атында тұрғын үй болмауы керек. Оның төлем қабілеті расталуы тиіс. Яғни, кіріс туралы анықтама болу керек. Кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беріледі. Ипотекалық компания министрлікке қанша пәтердің бары туралы хабарлама жібереді. Ол хабарламада пәтердің шаршы метрі, қабаты, бағасы бәрі көрсетіледі.

Білім және ғылым министрінің жауапты хатшысы Арын Орсалиевтің айтуынша білім саласында 10 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр.

«Шаршы метрін 260 мың теңге деп есептесек, 50 шаршы метрлік үй шамамен 13 миллион теңге тұрады. Егер жалға беру мерзімі 20 жыл болса, ай сайынғы төлем шамамен 60-70 мың теңге болмақ. Егер біз келісімшартты 15 жылға жасар болсақ, айына 80-90 мың теңгеге айналады. Алдағы екі жылда осы бағдарлама бойынша мұғалімдерге 1500 үй бөлінеді», - деді Орсалиев.

Жалға алу шарты бойынша пәтер 240 айға, яғни жалдау мерзімі 20 жыл. Бір жолғы төлем - 1 пайызды құрайды. Баспана бастапқы жарнасыз беріледі.

Дереккөз: holanews.kz


    

Тегтер: қазақстан, ипотека, Нұрлыжер, мұғалімдер, жалғаберу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.