Зеленский шенеуніктердің байлығын тәркілеу туралы заң жобасын қайта енгізді

04 Маусым, 2019 631 0

NewsROOM+. Украина президенті Владимир Зеленский заңсыз байлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасын енгізді. Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс комитетінің баспасөз хатшысы Александр Данилюктің сөзінше, мемлекет басшысы бұл заңды 31 мамыр күні енгізуі тиіс болған деп жазады ukranews.com

№10358 заң жобасы Радада үшінші маусым күні тіркелді.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік және жергілікті басқарма қызметінің уәкілетті тұлғасы бағасы өз табысынан әлдеқайда асып түсетін активтерді сатып алған жағдайда бес пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымдарды иелене алмай қалады.

Оған қоса, үш жылға дейін белгілі бір қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ.

Дәлелсіз активтерді мойындау жөніндегі істер мен оларды мемлекет үлесіне тәркілеу Жоғарғы жемқорлыққа қарсы сотқа ұсынылмақ.

Оған қоса, тиісті арызбен сотқа шағымдануды арнайы мамандандырылған антикоррупциялық прокуратура прокурорының келісімімен Ұлттық сыбайлыс жемқорлыққа қарсы бюроға беру ұсынылды.

holanews.kz


Тегтер: украина, заң, шенеунік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.