"Байзақованы аймалап..": танымал әншіні жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады

18 Маусым, 2018 493 0

Жақында ғана «AlemBand» тобының жаңа бейнебаяны көрерменге жол тартқан болатын. Басты рөлде Байзақова ойнаған бейнебаян Бағлан Әбдірайымовқа ұнамаған болу керек, желіде Еркеш Хасенді сынап тастады деп хабарлайды "NewsRoom+" ақпараттық агенттігі  KYN.KZ сілтеме жасап.


«AlemBand» тобының мүшесі Еркеш Хасен бала кезінен бастап «Айгөлек» бағдарламасын жүргізгені бәрімізге белгілі. Бүгінде өнер жолына енді қадам басқан жас әншінің бейнебаяны тағы да көпшіліке жақпай қалды. Бағлан Әбдірайымов бұл туралы желіде сөз қозғады.

«Еркош, аузыңнан ана сүті дәмі кетпеген, буыны қатпаған, сары ауыз балапан едің… Бүгін міне, Байзаковамен клипке түсіп, көтенін сипап жігіт болыпсың! Қасыңдағы жігіттерді де құттықтап қой! Ата — аналарың ағайын — туыстың алдында беделдері артып,


«міне біздің балаларымыз» деп мақтанып жатқан болар, ия? Рухани жаңғыру аясында руханиятымызды дамытуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтам! Отбасымызбен дастархан басында суйсініп тамашалайтын клип екен!
Клипке кеткен шығынды «садақа» деп қабылдаңдар, еке есе қайтады ғой! Аман болыңдар!», — деп жазды.



Тегтер: Байзақова, АлемBand, Қылықтым, клип, ән, жұлдыз, шоубизнес

Пікір қалдыру