«Студенттер үйі 2.0» республикалық акциясы іске қосылды

03 Маусым, 2019 407 0

NewsROOM+. «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жоба аясында «Студенттер үйі 2.0» акциясы іске қосылды, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Студенттер Алиянсымен бірлесіп ұйымдастырып отырған бұл акцияның негізгі мақсаты - жатақханалардың мемлекеттік стандарттарға, санитарлық нормаларға сай болуын қадағалау және сапасын арттыру. Сонымен қатар, студенттерге қойылатын тұрмыстық техникалардың жұмыс істеуін бақылап, жалпы жаңа оқу жылына әзірлігін қараймыз», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов.

Айтуынша, жоба студенттердің өмір сапасын толыққанды жетілдіруге бағытталған.

«Алдағы уақытта мониторинг жүргізіліп, еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын аралайтын арнайы топ құрылады», - деді Шахмардан Байманов.

Сондай –ақ, бұл жоба Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айтып өтті.

Айта кетсек, бұл акция «Қалың қалай, студент?» атымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал мемлекет қолдауымен биыл жаңа республикалық ауқымға ие болып отыр.

Тегтер: Студенттерүйі2.0, акция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.