АҚШ виза алу тәртібін қатайтты

03 Маусым, 2019 704 0

NewsROOM+. АҚШ мемлекеттік департаменті америкалық виза алудың жаңа ережесін шығарды. Бұдан былай өтініш берушілер әлеуметтік желідегі аккаунттары мен соңғы бес жылда қолданған телефондарының нөмірін жазуы тиіс.

Мекеме мұны "террористер мен қауіпті адамдарды анықтау үшін" қажет деп түсіндіреді.

Мемлекеттік департамент өкілі егер өтініш беруші әлеуметтік желі қолданбаймын деп жалған жазса, оның салдары ауыр болатынын ескертеді.

Осыған дейін әлеуметтік желідегі аккаунттар террористік топтар соғысып жүрген аймақтарға барған адамдардан ғана талап етілетін. Бұдан былай дипломаттар мен ресми делегациялардан басқа барлық адамдар жаңа талапты орындауға міндетті.

centralasian.org


Тегтер: АҚШ, виза, Қазақстан, заң, ереже

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.