Өлім жазасын 46 жыл күткен азамат кінәсіз болып шықты

03 Маусым, 2019 870 0

NewsROOM+. Жапонияда 46 жыл бойы түрмеде өлім жазасын күткен жапониялық азамат ақталып шықты. Ивао Хакамада түрмеде 46 жылын, оның ішінде 34 жыл уақытын жеке камерада өткізген. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2014 жылы 78 жасында кінәсіз деп танылып, бостандыққа шыққан Хакамаданың денсаулығы сыр берген.

34 жыл жеке камерада сыртқы әлеммен байланыспай, күнде өлім жазасын күтіп, тағдырынан бейхабар болған азаматтың ішкі жан дүниесі де күйзеліске ұшыраған екен.

Ивао Хакамада жарты ғасырға жуық темір тордың ар жағында отырып, Жапониядағы сот пен полиция жүйесі қатігездігінің нышанына айналды. Ал 2011 жылы өлім жазасын ең ұзақ күткен азамат ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Тегтер: жапония, өлімжазасы, түрме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.