Қарағандыда полиция қызметкері суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

03 Маусым, 2019 427 0

NewsROOM+. Полиция майоры Дастан Азанбаев Қарағандыдағы Федоров су қоймасында батып бара жатқан ер адамды ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түс мезгілінде бауырымен бірге жеке көлігімен кетіп бара жатқан полицей суға малтыққан адамды байқап қалған.

Бауыры болған оқиғаны видеоға түсірген, ал майор суға батқан адамға көмекке асығыпты.

- Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Сіңірлері тартылып қалғандықтан, ол ауруханаға жатқызылды, - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ер адам өзінің жағада балық аулағанын және суға шомылып алмақшы болғанын айтты. Бірақ суға түсу кезінде оның аяқтары құрсып қалған.


Тегтер: полиция, қарағанды, су

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.