СҚО-да шекарашы суға кеткен жүкті әйел мен баланы құтқарып қалды

31 Мамыр, 2019 458 0

NewsROOM+. Әскери қызметші түнгі ауысымнан кейін демалып, тоған жағасына шықанда, көмек сұрап айғайлаған дауысты естіген.

"Бидайық авто" шекаралық бақылау бөлімінің әскери қызметкері Сергей Гайдай түнгі ауысымнан кейін демалып, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылының тоғаны жағасына бет алды. 18:30 шамасында ол көпірден көмек сұраған балалардың дауысын естиді.
Көпір бойында үрейленген екі оқушы қыз әрлі-берлі жүгіріп жүр, ал әйел адам суға батып бара жатқан. Сергей ойланбастан, суға секіріп, әйелге қарай жүзді. Ал ол шарасыздықтан жылап жіберген. Сергей суға батқан бес жасар баланы да байқап, оны жоғарыға көтерді. 
Баланың анасы арқасымен су бетіне жатты, ал Сергей баланы әйелдің ішіне қойып, екеуін де жағаға алып шықты.
Бес жастағы Нұрәділ тіршілік белгілерін бермеген соң шегарашы оған жасанды тыныс алдырып, жүрекке тікелей массаж жасады. Бала көзін ашып, тыныс алды. Кейін белгілі болғандай, ол тек екі өмірді құтқарып қалған жоқ, 1982 жылы туылған Махаббат Жетпісова жүкті болып шықты.

Құтқарылған әйелдің туыстарының айтуынша, бұл ел арасында қауіпті көпір саналады екен. 2002 жылы осы көпірден келіншектің 27 жастағы қайынағасы да суға батып кеткен.

elitar.kz

Тегтер: СҚО, шекарашы, су

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.