Түркіменстанда Қадыр түніне орай 764 адам түрмеден босатылады

30 Мамыр, 2019 419 0

NewsROOM+. Түркіменстан билігі жариялаған рақымшылықпен 764 адам түрмеден шығарылады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында Қадыр түні құрметіне орай рақымшылық жариялау туралы жарлыққа Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қол қойды.

"Рақымшылық жариялау арқылы біз жасаған ісіне өкінген азаматтарға жаңа өмір бастап, кінәларынан арылуға мүмкіндік береміз", - деп мәлімдеген түркімен президенті.

Мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, Бердымұхамедов жергілікті билік органдарына түрмеден рақымшылықпен босап шыққандарға жұмыс тауып беруді тапсырған.

Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан жан басына шаққанда ең көп тұтқын ұстап отыр. 2006 жылдың аяғында Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келгелі бері түрлі мерекелерге орай рақымшылық жариялау дәстүрі қалыптасқан.

Тегтер: түркіменстан, жаңалықтар, қадыртүні, түрме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.