СҚО-да сабын өндіретін кәсіпорын ашылмақ

30 Мамыр, 2019 490 0

NewsROOM+. СҚО-да халық тұтынатын тауарлардың ірі өндірушілері мен дистрибьюторларының бірі - «Радуга» ЖШС алғашқы «Protecting business and Investments» жобасына қатысуға ниет білдірді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС кәсіпорнына барды. Зауыт - алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобамен бірігіп жұмыс жасауға келісімшартқа отырды. Компанияның бір ерекшелігі әрбір маманның біліктілігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытады.

Жалпы, зауыт азық-түлік, металл, пластмасса бұйымдарын, тұрмыстық химия заттарын өндіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынның бір ұтымды тұсы қоқысты бөлек жинап, қайта өңдеуден өткізеді.

Компания өндіретін сабынды Қазақстанның көршілес мемлекеттерінен сатылымға шығады. Яғни, Ресей мен Қытай дүкендерінен де сатып алуға мүмкіндік болады. «Радуга» ЖШС кәсіпорнының бас директоры Дмитрий Шарапаевтың айтуынша, жуырда жергілікті облыс тұрғындарын сабынмен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: СҚО, сабын, компания

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.