Украина президенті Зеленский Донбасқа барды

28 Мамыр, 2019 218 0

NewsROOM+. Украина президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен Луганск облысына барып, Луганская және Счастье әскери станцияларына тоқтаған. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы сарбаздардың дұрыс тамақтануы, жатын жері, әлеуметтік жағдайы және тұрғын үй мәселесімен танысқан.

Президент Біріккен күш операциясының қолбасшысы, генерал-лейтенант Александр Сирскийдің жанжал аймағындағы жағдай жөніндегі баяндамасымен танысқан.

Жиналысқа Қарулы күштердің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Хомчак та қатысқан.

Тегтер: украина, донбас, зенленский

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.