Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі беріледі

28 Мамыр, 2019 386 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа – Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі беріледі, деп хабарлайды Парламент сенаты.

Кеше Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Парламент Сенаты Бюросының отырысында Елбасы «Құрметті Сенатор» туралы ереже қаралды.

«Елбасының басқаруымен тәуелсіздік кезіндегі Қазақстанның жеткен жетістіктері Елбасының осы бастаған жолының да, бағытының да дұрыстығын көрсетеді. Елбасы Сенат жұмысына әр уақытта терең мән берді, Сенат жұмысының ыңғайлы болуына барлық мүмкіндікті жасап отырды. Сенат өмірі Елбасының қойып отырған барлық мақсаттарымен тікелей тығыз байланысты болып келе жатыр», - деді Төраға орынбасары Б.Бекназаров.

Бюро мүшелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл бастамасына бірауыздан қолдау білдірді.

«Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы тұлға ғана емес, қос Палаталы парламентаризмнің де негізін салған қайраткер. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл ұсынысын біз қолдаймыз және әбден орынды деп есептейміз», - деді М.Құл-Мұхаммед.

«Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Палата отырысында қабылданады.

Бюро отырысында 30 мамырда өтетін Палата отырысының күн тәртібі белгіленді. Сенаторлар халықаралық екі құжатты: Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді; Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты қарайтын болады.

Дереккөз: parlam.kz

Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, президент, елбасы, құрметтісенатор

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.