Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді

27 Мамыр, 2019 338 0

NewsROOM+. А.ж. 27 мамырда Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, оның барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Министрліктің 2018 жылғы қызметіне қортынды жасап, ағымдағы міндеті туралы баяндады

Отырыс жұмысына Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова, «Қазақстан экономистерінің қауымдастығы» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ораз Жандосов, Блокчейн және криптотехнологияларды дамыту ұлттық қауымдастығының президенті Алан Дорджиев, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец және азаматтық қоғам өкілдері Арман Дунаев, Адельша Ермұханов, Дәрмен Сәдуақасов, Азамат Нұрмұхамбетов және Олжас Беркінбаев қатысты.

Қоғамдық кеңес бұл диалогтың азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың пәрменді ынтымақтастығының сенімді дәлелі екенін, Мемлекет басшысы реформаларының іске асырылуының үлгісі екенін атап көрсетті.

Жаннат Ертілесова айтқандай, әрбір мемлекеттік органның қызметі азаматтардың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. «Қоғамның мемлекетке сенімі – мемлекеттік орган жұмысының негізі», - деді ол.

Отырыстың қортындысы бойынша қатысушылар жалпы экономикалық жағдайдың оң серпінін атап көрсетіп, осы қарқынды сақтау мен экономиканың барлық сегменттерінің одан арғы өсуі бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. 

Жиын соңында Ұлттық экономика министрлігі басшысы жасалған ұсынымдар үшін Қоғамдық кеңеске алғыс білдіріп, жұртшылықтың барлық тілегі оны тиімді іске асыру тұрғысынан жете зерттелетінін атап көрсетті. 

Тегтер: РусланДәленов, министр, экономика, қоғамдықкеңес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.