Қазақстанда «жұмыртқалар» халықты сайлауға шақырып жатыр

24 Мамыр, 2019 172 0

NewsROOM+. Қазақстанда халықты сайлауға шақыратын ерекше жұмыртқалар пайда болды.

Әлеуметтік желілерде сыртында «9 маусым күні барлығымыз сайлауға», - деген жазуы бар жұмыртқалардың суреті тарап кетті. Желі қолданушылары өнімнің сыртындағы жазуды күлкіге айналдырып, түрлі пікірлер қалдырды.

Еске сала кетсек, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялаған еді. Ол 2019 жылдың 9 маусымында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөнінде шешімін жариялады.

11 мамыр кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Президенттікке кандидаттар:

Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы;

Төлеутай Сатайұлы - "Ауыл" партиясы;

Жамбыл Ахметбеков - "ҚКХП";

Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры қозғалысы».

hola news

Тегтер: жұмыртқа, сайлау, жарнама, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.