Алматы қаласында Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы іске қосылмақ

22 Мамыр, 2019 334 0

NewsROOM+. 2019 жылдың 23 мамырында, сағ. 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтеді. Жоба атауы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауымен тығыз байланысты.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасыЕлбасының жасампаз, шығармашыл идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, қалың жұртшылыққа  бірегей қорды көрсетуге және насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастырудың әдістерін дамытуға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыруға бағытталған.

Жоба тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік күзетінің Президенттік оркестріарнайы дайындаған плац-концерттік бағдараламамен өнерін паш етеді. АлҚР Мемлекеттік күзеті қызметі Құрмет қарауылының ротасыжұртшылықтың назарына әскери дефилесін ұсынбақ.

Жоба аясында «Жастар – ұлт тірегі» кешенді көрмесіқойылып, Елбасы кітапханасындағы архив, музей және кітапхана жинақтарының материалдары көрсетіледі. Маңызды үш бағыттың қатарына келесідей тақырыптар кіреді:

Елбасы. Көрменің алғашқы бөлімінде Елбасы есімімен біте қайнаған  тәуелсіз Қазақстанның тарихы архив материалдары, кітаптар және музейлік жәдігерлер арқылы көрсетіледі. Н.Ә. Назарбаевқа көрсетілген халықтың жаппай қолдауы,  Қазақстандағы Президенттік институттың тарихы бейнеленген деректерге айрықша орын  беріледі. Көрмеде 1990 ж. 24-сәуірде енгізілген президенттік институттан бастап, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің барлық сайлауалды компаниялары (1991 ж., 1995 ж., 1999 ж., 2005 г., 2011 ж., 2015 ж.) жайында материалдар жүйелі түрде көрсетіледі.

Жастар.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттік саясаттың білім және ғылым саласы халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануына және дәйекті дамуына бағытталды. Осы саладағы Қазақстанның бірінші реформасының мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімдеу болды. 1993 жылы 5 қарашада «Болашақ» стипендиясының енгізілуі нағыз адам капиталына салынған инвестицияның «серпінді жобасына» айналды. 1994 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы іске асып, мемлекеттік тапсырмамен ел үшін қажетті бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды дайындауды жүзеге асырды.

Жасампаздық.Көрменің үшінші бөлімі болашаққа бағытталған Қазақстаннның даму стратегиясын, сондай-ақ еліміздің қоғамдық ұйымдарының, спортының, азматтарының тұлғалық дамуының белсенді өмірлік ұстанымын көрсетеді.          

Көшпелі ақпараттық-имидждік жобаның аясында «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Елбасы», «Ұлы даланың қазынасы – «Алтын адам», «Спортивная слава Казахстана» көшпелі экскурсиялары жүргізіледі. Олардың аясында қатысушылар бірегей жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

«Тарихи таңдау» көшпелі тақырыптық экскурсиясы Н.Назарбаевтың өмірбаян деректері, комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы жайлы баяндайтын бірегей материалдардың толық кешенімен таныстырады. Келушілер сирек кездесетін бейнешежіре кадрларын, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттарын тамашалай алады.

«Тарихи таңдау. Ұмтылыс»атты көшпелі тақырыптық экскурсияның бастымақсаты– мұрағат материалдарының негізінде Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы әлеммен тату көршілік және ынтымақтастыққа  бағытталған алғашқы қадамдарын жүйелі түрде ашып көрсету. Оның аясында Елбасының қолжазбалары, шет мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен алмасқан хаттары, дипломатиялық тартулар сияқты бірегей мұрағаттық материалдар ұсынылады.

«Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиясытәуелсіздік жылдарындағы еліміздің спорттық жетістіктерімен таныстырады. Экскурсия барысында экскурсанттар Елбасы кітапханасы музейінің қорындағы Н.Ә.Назарбаевқа отандық және шетелдік спортшылар тарту еткен сыйлықтар топтамасын, сондай-ақ олардың жеке заттарын көре алады.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының аясында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Уақыт таңдауы» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді. 11.40-та Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов профессор-оқытушылар қауымымен, докторанттар мен магистранттармен, студенттермен кездесіп, дәріс оқиды.

Бұл үлгідегі іс-шаралар дәл осы күні сағат 16.00-де, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтеді.

Тегтер: елбасы, жастар, жасампаздық, елбасыкітапханасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.