Жанынан хат табылды: Алматыда ер адам балалар алаңқайында асылып қалған

21 Мамыр, 2019 449 0

NewsROOM+. Алматыда балалар алаңқайынан ер адамның мүрдесі табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Ер адам мұндай қадамға бармас бұрын хат жазып қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 мамырда желіде Үлкен Алматы өзенінің маңындағы балалар алаңқайында ер адамның асылып қалғаны туралы хабарлама тарады. 

Құқық қорғау органдары аталған фактіні растады. 

Белгілі болғандай, оқиға 20 мамырда Бостандық ауданында орын алған. 55 жастағы ер адам өзіне қол жұмсапты. Ол суицид жасамас бұрын хат жазып қалдырып кеткен.

«Суицид жасаған ер адам 1964 жылғы. Оқиға орнынан хат табылды. Хатта ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұрапты. Онда өлімінің себебі де жазылған. Алайда оны жариялауға құқығымыз жоқ», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазіргі уақытта ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 


Тегтер: алматы, балалар, хат, өліи, алаң

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.