Елбасы Кітапханасының жобасы ғаламшардың ғарыш айлағында

16 Мамыр, 2019 172 0

16 мамыр күні Байқоңыр қаласының №277 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға қоғам» көшпелі көрме жобасы экспозицияларының ашылуы өтті. 2017 жылы басталған көшпелі жоба а.ж. 5 сәуірден бастап Қызылорда облысында жалғасуда. Іс-шара аясында «Кенеп бетіндегі Сыр табиғаты» атты жас суретшілердің көрмесі де ұсынылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтау сөзінде былай деді:

«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»» атты көрме жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлі мен қайраткерлігін толықтай ашады. Елбасымыз сонау 90-жылдардың қиын кезеңдерінде Қазақстанды азаматтық кикілжіңдірге киліктірмей, тұрақты даму жолына қоя алды. Еліміздің қазіргі жетістіктері – тәуелсіздіктің жемісі, Елбасының дана да көреген саясатының нәтижесі, бүгінгі көрме де осы жетістіктерді бірегей жәдігерлер мен тарихи құжаттар арқылы көрсетуде».

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Ақтаева тәуелсіздік жылдарында жасақталған еліміздің іргетасы құнды архивтік материалдарда топтастырылғанын, аталған тарихи мұра Елбасы кітапханасының жинақтарында сақталуда екенін атап өтті.

«Елімізде болған әрбір оқиғаның рөлі мен маңызын тарихқа жүгіну арқылы түсіне аламыз. 2019 жылғы 19 наурыздан бастау алған үдерістер бізді Қазақстанның ХХІ ғасырдағы іргетасының қалануының куәгерлеріне айналдыруда. Шын мәнінде, осындай кездесулер, жобалар қазіргі уақытта жүріп жатқан үдерістердегі азамат, тұлға ретіндегі орнымызды анықтауға мүмкіндік береді».

Күләйша Ақтаева Байқоңыр қаласы әкімдігі басшысының орынбасары Николай Адасевке естелік сый ретінде «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» және «Назарбаев моделі» кітаптарын тарту етті.

«Тарихи таңдау» көшпелі экскурсиясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаян деректерімен танысуға мүмкіндік береді. Байқоңыр тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы сирек кездесетін бейнешежіре, фотосуреттер және архивтік құжаттарды тамашалады. Олар комсомол-металлургтен бастап ең жас Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасына дейінгі; Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төрағасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі Елбасының өмір жолын баяндайды.

Көшпелі экскурсияға келушілер бірегей архивтік материалдар – Президенттің қолжазбалары, шет елдердің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен хат алмасқан жеке жазбалары, дипломатиялық тартулар сынды жәдігерлерді қолмен ұстап көру мүмкіндігіне ие болды. Көшпелі экскурсиялар өңір тұрғындарына елорда музейлерінде сирек қойылатын жәдігерлерді де көруге мүмкіндік береді.

 

Тегтер: елбасы, кітапханасы, ақорда, астана, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.