Жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды

15 Мамыр, 2019 208 0

NewsROOM+. Санк-Петербургте жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды. 8 жасар қызды қиын жағдайда қалған балаларға арналған қонақ үйге орналастырды.

Аудандық әкімшілік қзға азғы демалыс ұйымдастырп бермек. Ол қонақ үйден лагерьге барады. Қазір әлеуметтік қызметкерлер қыздың анасымен сөйлесіп, пәтерді қалпына келтіруде.

8 жасар қыз бала көртышқандармен бірге тұрып жатқан жерінен табылды. Көршілері пәтерден жағымсыз иіс шығатынын айтып шағымданған.

Полицейлер екі бөлмелі пәтерден анасы мен қызының тұрып жатқанын анықтады. Үй іші қоқысқа толған. Пәтер ішінде жүздеген көртышқан өріп жүрді. Анасынан көртышқандардан арылуды сұрады. Ал қыз баланы ауруханаға апарды.

Бұл отбасы бұған дейін кәмілетке толмағандар ісімен айналысатындардың есебінде тұрмаған.


Дереккөз: stan.kz

Тегтер: көртышқан, қыз, ресей, қонақүй

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.