Уәдеге берік таксист

14 Мамыр, 2019 228 0

NewsROOM+. Ауылда жүріп құрдасым такси іздеген соң Арқалық пен екі ортаға жүріп жүрген жігітке келдік.

- Ертең қалаға жүрмейсің бе?

- Жоқ. Бір адамым бар, күтіп отырмын, келсе бүгін яғни шамалыдан кейін жүремін.

- Бір адам болса жүре бересің бе, адам жинап көлігің толған соң ертең жүрмейсің бе?

 - Жоқ. Уәде беріп қойдым, ол бала менімен жүремін деп басқа көлікке мінбепті. Негізі тағы екі-үш клиентім болған оны басқа кісі азғырды ма әлде өздері кетіп қалды ма менімен барамын деген кісілер қалаға басқа көлікке отырып кетіп қалыпты. "Әлгі қыз балаға риза болып отырмын, уәделесіп қойғам Жеңіс ағамен барамын деп мені күткен, енді менің міндетім жалғыз адам болсада пайда таппасамда апаруым керек, басқа жігіттер осы қыз баладан үлгі алуы керек" деп сөзін аяқтады таксист жігіт.

Қарап отырсаң ұсақ-түйек әңгіме болуы мүмкін, бірақ зер салып тыңдасаң мән бермейтін әңгіме емес, "уәдеде тұру, сөзге берік болу, ұят" деген ұғымды білетін менің жерлес әрі нағашы досым Жеңіс осы жігіт, көпке үлгі болатын, жолда қалсаң жолға тастамайтын осындай қазақтың қыз-жігітері қашанда көп болсын!

Талғат Әмірxамзинның фейсбук парақшасынан

Тегтер: такси, оқиға, арқалық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.