Алматы облысында жаңа туған сәбиді сатқандар сотталды

14 Мамыр, 2019 85 0

NewsROOM+. Алматы облысында жаңа туған сәбиін сатқаны үшін анасы мен әжесіне сот үкімі шықты. 

Әжесі мен анасы шартты түрде 7 жылға сотталды. Олардан бөлек осы іске қатысты тағы үш адам істі болды. Олар Қаскелең қаласындағы аурухананың екі қызметкері мен сатып алушы. Оларды да шартты мерзімге соттады. Санитар мен баланы сатып алмақ болған әйел 7 жылға, бөлім меңгерушісі олардан жарты жылға артық мерзімге шартты түрде сотталды.

Істің барлық қатысушылары кінәлі деп танылды. Нәресте әлі де сәбилер үйінде. 

Шілде айында сәбиді медициналық мекеме ішінде сатпақ болған. Оларға  полицейлер кедергі болды. Ол кезде баланың әжесі қаржылай қиындықтарға байланысты немересін баласы жоқ отбасыға бермек болғанын айтты. 


Тегтер: алматы, бала, сату, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.