Қазақстанда 20 мың жұп бала сүйе алмай жүр

14 Мамыр, 2019 145 0

NewsROOM+. Қазақстанда шамамен 20 мың жұп балалы бола алмай жүр. Олардың 15-20%-ы экстракорпоралдық ұрықтандыруға жүгінеді. Бұл туралы репродуктивті медицина орталығының гинеколог-репродуктологы Ләззат Айтқожина айтты.

Дәрігер бала болмаудың бірнеше себебін атады.

«Бала барлығына керек. Бедеуліктің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл негізінен эндокриндік факторлардан, семіздік, труба факторы, ерлер факторы, жыныстық жолмен берілетін түрлі аурулар қатары, экология әсерінен болуы мүмкін. Дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын ұстанбау да себепші болып жатады. Жылына біз экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша 4 мың түрлі бағдарлама дайындаймыз», - деді дәрігер.

Ләззат Айтқожинаның айтуынша ЭКО жасату бала сүюге 100% кепілдік бермейді.

«Нәтиже 50 де 50 болуы мүмкін. Алғаш рет нәтиже шықпай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бірақ көптеген ата-аналар берілмейді, біздің барлық ұсыныстарымызды басшылыққа алып, қажетті ем алып қайта оралады», -дейді Ләззат Айтқожина.

Қазақстанда жылына ЭКҰ 900 квота беріледі. Елімізде 5-6 жылдың ішінде 500-ге жуық әйел дәрігердің көмегімен ана болу бақытына ие болған. Мамандар отбасылық жұптар дәрігерге уақытында жүгінсе дейді. Себебі уақытты жіберіп алмау өте маңызды.

Зерттеуге сүйенсек қыздардың 57%-ы 20-25 жас аралығында отбасыларын құруды жоспарлайды екен ал, ұлдардың 30%-ы 20-25 жас аралығында, 34%-ы 25 жастан кейін үйленгісі келеді екен.

Дереккөз: hola news

Тегтер: отбасы, бедеулік, бала, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.