Жарыс аяқтала салысымен намаз оқуға асыққан "Алашұлы" тобының әншісі елді сүйсіндірді (видео)

14 Мамыр, 2019 161 0

NewsROOM+. "Алашұлы" тобының мүшесі Мақсат Рахмет "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының ақтық мәресінде өнер көрсетті. 

Мақсат Рахмет финалда Динара Сұлтанмен бақ сынасты. Динара Сұлтан жеңімпаз атанып, көлік ұтып алды.

Актер, тележүргізуші Рахман Омар осы тұста Мақсат Рахметтің сабырлығына тәнті болды. Қандай жағдай болмасын көңілін түсірмей, Алланы ұмытпай, құлшылығын жалғастырғанын айтып мақтады. Ол әншінің жарыстан соң іле-шала намаз оқып жатқан сәтін видеоға түсіріп жариялады. 


Дереккөз: Алаш Айнасы

Тегтер: Жұлдыздыжекпе-жек, байқау, жоба, мәре

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.