Әміржан Қосанов сайлауалды штабымен Солтүстік Қазақстанға барды

13 Мамыр, 2019 95 0

NewsROOM+. Бүгін Президентке кандидат Әміржан Қосановты өз сайлау штабымен бірге Солтүстік Қазақстанда жүр. Қосанов облыстағы Бәйтерек ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Халықпен кездесуде Әміржан Қосанов өз сайлауалды платформасының негізгі бағыттарын атап өтіп, тұрғындардың сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар бүгін үміткерді қолдау мақсатында Талдықорғанда дөңгелек үстел өтті.

Шараға қатысқан 30-ға жуық адамның арасында белсенділер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ облыстың ақсақалдар кеңесі, ардагерлер мен студенттер бар.

Президентке кандидаттардың бірқатары өз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткен.

Кеше Қасым-Жомарт ТоқаевРеспубликалық қоғамдық штабқа келіп, қызметкерлермен кездесті.

Ал, Жамбыл Ахметбековресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жариялады. 

Сонымен қатар, кеше Төлеутай Рақымбеков те «Ауыл» xалықтық-демократиялық патриоттық партиясының жиынында өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Дания Еспаева Алматыдағы «Жібек жолы» базарының кәсіпкерлермен кездесті.

Тегтер: әміржанқосанов, президент, сайлау, бағдарлама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.