Жас жұбайларды шикі етпен ұру қай жақтың салты? (видео)

08 Мамыр, 2019 357 0

NewsROOM+. Instagram әлеуметтік желісінде жас жұбайлардың үстін шикі етпен ұрған әжелердің видеосы тарап кетті. @aielder_arasynda парақшасында жарияланған бейнежазба көптің қызу талқысына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнероликте құшақтасқан екі жастың үстіне ақ мата жабылғанын аңғаруға болады. Ал ерлі-зайыптылардың маңайына жиылған әжейлердің бірі матаны шикі етпен ұрып, артынша лақтырып жібереді.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары мұндай салттың бар екенінен бейхабар болып шықты.

"Бұл не? Қандай салт?", "Иттер тоятын болыпты ғой", "Құдай сақтасын", "Жүре берсең, көре бересің", "Дәм болсын", "Не істеп жатыр?", "Қызық екен", "Еріктіңдер ғой"- деп жазған олар.

Бұл видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Тегтер: дәстүр, қазақстан, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.