Ержан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

22 Сәуір, 2019 538 0

NewsROOM+. Белгілі журналист Ержан Жүніс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Qazaq radiolary» ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ulys журналына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Ержан Қошқарәліұлы бұған дейін «Qazaq radiolary» ЖШС директорының кеңесшісі болып қызмет етіп келген болатын.

Е. Жүнісов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің «Радио, телевидение және кино» мамандығы магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастап, әр жылдары жаңалықтар бөлімінің корреспонденті, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы қызметтерін де атқарған.



Тегтер: ЕржанЖүніс, қызмет, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.