Сұлтан Сүлеймен өлер алдында әскер қолбасшысын шақырып, үш өсиетін айтыпты

18 Сәуір, 2019 2068 0

NewsROOM+. 1. Табытымды Осман империясының ең білікті дәрігерлері көтерсін.

2. Табытым жүрген жерге алтын, күміс дихрамдарды шашсын.

3. Табытымнан қолым шығып тұрсын - деп бұйырады

Мұны естіген қолбасшы орнынан тұрып:

- Тақсыр, мұның бәрін не үшін бұйырып жатырсыз? - дейді

Сонда сұлтан Сүлеймен: 

- Алланың ажалының алдында білікті дәрігердің өзі қауқарсыз екенін ел-жұрт білсін. Осы өмірде жинаған мал-мүлкіңді о дүниеге алып кете алмайтынын естен шығармасын. 

Тіпті әлемнің падишасы о дүниеге құр қол кетіп бара жатқанын көрсін - деп өмірден өткен екен...

Тегтер: СұлтанСүлеймен, өсиет, тарих

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.