Әбдіжаппар Әлқожа хэйтерлерге ән арнады (видео)

16 Сәуір, 2019 174 0

NewsROOM+. Әбдіжаппар Әлқожа сөзін бұрмалап, жаман атты қылған барлық хайперлер мен хэйтерлерге арнап, ән шығарды. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі жазады.

"Кейбіреудің сиырдай сүйкенгенін,

Жек көрсем де тозбайды жүйкем менің. 

Жазғыштар көбейді ғой жаңалық қып,

Шығарар "мысық туып, ит өлгенін"...

Қәнеки, қайдасыңдар дәл осындай, 

Жарықтық, хайперлер мен хэйтерлерім?!

Таратып жіберіңдер бұл әнімді, 

Сондайға жақсы еді ғой икемдерің...!!!

..........
Осымен осы тақырыпты жабайық. Мені ғайбаттағандарды мен!!!Мені Алла кешірсін.

Бір Алланың алдында бәріміз әлсіз пенде.Кім не десе о десін.Өз Намысым,Ұлтсүйгіштігім,Қазақилығым ешқашан жүрегімнен өлмейді,- дейді әнші инстаграм парақшасында.

"Хайып-майып білмеймін. Ән зор шыққан, әңгіме жоқ","Төреғали қатемді кешіріңдер деп шыққан еді. Енді сенде мағынасын соған ұқсатып шығарып отсың", "Құттықтаймын хайперлер мен Хейтерлер сендерге арналған клип шықты",- дейді желідегілер.


Тегтер: ӘбдіжаппарӘлқожа, клип, тұсаукесер, ән

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.