ҚР ҰЭМ-ге жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

15 Сәуір, 2019 108 0

NewsROOM+. Шыңғыс Ильясов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Шыңғыс Ильясов еңбек жолын Ақмола облысының Алға ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығында бастап, кейіннен облыс әкімінің баспасөз қызметінде, 2015 жылдан 2019 жылғы сәуірге дейін Орталық коммуникациялар қызметі жүйесінде жұмыс істеді.

Министрлік ведомство мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, жұртшылықпен ашық және сындарлы диалог құрудың қажеттігіне зор мән береді.

Тегтер: ШыңғысИльясов, баспасөз, хатшы, министрлік

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.