Нұр-Сұлтан қаласының екі полицейі есірткі сату бабымен сотталды

15 Сәуір, 2019 76 0

NewsROOM+. Елорданың есірткі бизнесімен күрес басқармасының лауазымды тұлғалары он және сегіз жылға сотталды, деп Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, басқарманың бұрынғы басшысы М.Кантурин мен тергеу басқармасының бұрынғы тергеушісі М.Әзімхан қызметтерін асыра пайдаланып, есірткі заттарын сақтады деген айыппен 2018 жылы тамыз айында ұсталған.

Биыл 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты үкімі шығарып, Әзімханды пара алу (366-3) бабымен 8 жылға, Кантурин лауазымды адамның есірткі өткізу не сақтау (297-3), лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (361-1) және пара алу (366-3)  баптарымен 10 жылға соттады.

Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа түзеу колонияларында өтейді. Және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Тегтер: нұр-сұлтан, жаңалықтар, полиция, есірткі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.