Қазақстанда білім беруді интеграциялау шаралары жалғасады

15 Сәуір, 2019 38 0

NewsROOM+. Қазақстанда STREAM білім беруді мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, IT-дағдыларды дамыту, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу шаралары жалғасады-, деп хабарлайды Newsroom.kz халықаралық ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді. 

Білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар да жалғасады.

Ал, техникалық және кәсіптік, жоғары білім жүйесінде білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді ескере отырып жалғасады.


Аяжан Мадибекова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.