Елімізде волонтерлік ваучер жүйесін енгізу басталды

15 Сәуір, 2019 38 0

NewsROOM+Елімізде студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының нұсқауларын орындау үшін волонтерлік ваучер жүйесін енгізу басталады, - деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру шаралары жайлы жасаған баяндамасында волонтерлік ваучер мәселесін түсіндірді. 

Министрдің айтуынша, студенттер 25 сағатқа - 25 мың теңге алады және екі кредитті қайта тапсырып, 50 сағатқа 50 мың теңге алып, 5 кредитті қайта тапсырады.  Осылайша, белсенді студенттер тек өз бастамашылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, өздерінің кірістерін көбейтіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайды, кәмелет жасқа толмаған девианттық мінез-құлқы бар балалармен, егде жастағы балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, репетиторлықпен айналысады.

Аяжан Махамбетқызы

Сурет: oprf.ru сайтынан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.