"Ол олай" әніне билеп жүрген Баян Алагөзова желіде қызу талқыға түсті (видео)

15 Сәуір, 2019 484 0

NewsROOM+. Заттыбек Көпбосынұлының "Ол олай" әніне билеп жүрген Баян Алагөзова желіде қызу талқыға түсті.

"Халықтың Заттыбектің соншалықты жақсы көретінін бүгін түсіндім", - деп Баян ханым әсерімен бөлісті. 

Желідегілер Баянның Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққалы қатты өзгергенін, қарапайым бола түскенін атап өткен. Айтпақшы кадрдан Айгүл Иманбаеваны да байқауға болады.

"Баян ханым, сізге ғашық болу жарасады екен. Қарапайым болуды және жай адамдардың жанын түсініп бастаған сияқтысыз. Әлде бұрын көрсетпейтін ба едіңіз? Жақсы жағына өзгертіпті сізді махаббат", - деп жазды оқырманның бірі.

"Мұзды әйелдің ерігені жақсы болған екен. Сырт көзге сондай сүйкімді. Қарапайым, көңілді", - деп жазды тағы бірі.




Тегтер: БаянАлагөзова, продюсер, Заттыбек, ололай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.