Путин мен Медведевтің жылдық табыстары жарияланды

14 Сәуір, 2019 243 0

NewsROOM+. Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведевтің жылдық табысы жарияланды. Путин 8,6 миллион рубль табыс тапса, премьері бір миллион рубль артық табыс тапқан.

Кремльдің 12 сәуірде жариялаған мемлекет басшысының табысы, шығысы және мүлкі жайлы декларациясында Путиннің 2018 жылы 8 миллион 648 мың 353 рубль (шамамен 134 мың АҚШ доллары) табыс тапқан. Өткен жылы президенттің орташа жалақысы айына 720,7 мың рубльді (шамамен 11 мың доллар) құраған екен,

Декларацияда көрсетілген дерекке сәйкес, Путиннің атына тіркелген жылжымайтын мүлік құрамында өзгеріс жоқ. Президенттің 77 шаршы метрлік пәтері және 18 шаршы метрлік гаражы бар. Онда сонымен бірге ауданы 153 шаршы метрді құрайтын тағы бір пәтер және гараж орны бар. Сондай-аұ Путиннің "Волга" ГАЗ М21, жол талғамайтын "Нива" көлігі, "Скиф" тіркемесі бар екен. 2018 жылы президенттің табысы 2017 жылмен салыстырғанда 10 миллион рубльге азайған.

2018 жылы премьер-министр Дмитрий Медведев Владимир Путинмен салыстырғанда бір миллионға артық табыс тапты. Оның кірісі 9 917 510 рубльді құрайды. Медведев 47 гектардан тұратын жер телімін жалға алған, оның 367,8 шаршы метрлік өз үйі және екі ГАЗ-20 және ГАЗ-21 автокөліктері бар.

Ең жоғары табысПриволжскфедеральдық округіндегі президенттің өкілетті өкілі, «Роскосмос» компаниясының бұрынғы басшысы Игорь Комаровқа тиесілі. Оның табысы - 657 млн рубльді құрайды.

Ресейлік ТАСС агенттігінің жазуынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Татьяна Навка Кремльдегі шенеуніктердің әйелдері арасында табыс көптігі жағынан қатарынан үш жыл алдыңғы орынды бермей келеді. Ресей президентіжәне үкіметінің ресми сайтындағы дерекке сәйкес, Навканың табысы 2018 жылы 218 миллион рубльден асқан.



Тегтер: путин, ресей, айлық, табыс, бюджет

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.