Талдықорған әкімі ауысып кетті

12 Сәуір, 2019 544 0

ТАЛДЫҚОРҒАН.  NewsROOM+- Талдықорғанда қала әкімі ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың жаңа әкімі Ғалымжан Әбдірайымов болды. Бұл туралы қала активімен кездесу барысында Алматы облысының әкімі Амандык Баталов хабарлады. Әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Әбдірайымов бұрын Тараз қаласының әкімі болатын. Ол Талдықорғанның ендігі бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевтың орнына келді.

Шалтабаевқа қатысты қызметтік тексеру жүруде, Алматыда ақша, қару-жарақпен ұсталған жүргізуші әкімнің туысқаны болуы мүмкін деген ақпарат біраз күн бұрын әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 


Тегтер: талдықорған, жаңалықтар, әкім, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.