Алматы облысының кәсіпкерлері көп балалы отбасыға үй алып берді

15 Наурыз, 2019 95 0

NewsROOM+. Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көп балалы әрі жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берді. Бұл туралы hola news сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

Жақында Кербұлақ ауданында жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Әз – наурыз мерекесі қарсаңында өткен бұл шара барысында Сарыөзек ауылында орналасқан «Алацем» зауытының бас директоры Станислав Щербаков, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.


«2013 жылы күйеуімен ажырасқанмын. Үш баламен үйсіз пәтер ден пәтерге көшіп жүргеніме 5 жылдан асты. Балаларым оқушы, тапқан табысым олардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар», - дейді қуаныш иесі Жұмағыз Медетова.


Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев, сол ауылдың алты баланың анасын Айгүл Ешпаеваға үй сыйлап қуанышка кенелтті. Ал, Талдыбұлақ ауылының азаматы Кален Тұрсыңбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспана алып берді.



Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев және Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлназ Шакенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.


«Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ана-өмірдегі ең үлкен құрметке лайық адам. Сондықтан да, көп баланы дүниеге әкеліп, ұлтымыздың көбеюіне үлкен үлес қосып жүрген аналарға қуаныш сыйлау-біз үшін үлкен бақыт» - дейді жеке кәсіпкер Қайрат Ботайұлы.

Тегтер: алматы, жекекәсіпкер, баспана, көпбалалы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.