ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьясы сайланды

14 Наурыз, 2019 495 0

ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясы лауазымына мемлекет басшысы ұсынған Мейрамбек Таймерденовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы дүниеге келген, жоғары заңгерлік білімі бар.

Заңгер мамандығы бойынша еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық сотында орындаушы болып бастады.

1993 – 1997 жылдары – прокуратура органдарында қызметте болды.

1997 сәуірінде Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

1999 жылы – Алматы облыстық сотының судьясы.

2000 жылы – Алматы облыстық әділет басқармасының бастығы.

2001-2005 жылдары ол Әділет министрлігінің тіркеу комитетінің төрағасы болған.

2006 жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007 – 2012 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы.

2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.

2013 жылдың желтоқсанынан бастап қазірге дейін – Алматы облыстық сотының төрағасы болған.

Дерек көзі : Zakon

Тегтер: ҚРЖоғарғысоты, судья, тағайындау, төраға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.