Данэлия Төлешова The World's Best шоуының финалына өте алмады

14 Наурыз, 2019 53 0

Жерлесіміз жартылай финалда америкалық әйгілі әнші Pink-тың туындысын шырқаған, деп Stan.kz сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды. 

Данэлия What About Us әнін орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды. Ру Полл Данэлияның өнерін жоғары бағалап, оған "супер жұлдыз" деп баға берді. Алайда Данэлия үндістандық Лидиан Надхасварамнан жеңіліп қалды.

Жерлесіміз финалға өте алмады. Үндістандық жас талант жеңіске жетіп, миллион долларға ие болды.

Данэлияның өнерін бұл күні анасы залда отырып тамашалады.

Үндістандық Лидиан финалға шығу үшін екі бірдей қазақстандықпен жарысты. Алайда Димаш Құдайберген балалармен жарысудан бас тартқандықтан, бұл орынға Данэлия екеуі таласты. Ақырында екі бірдей рояльмен Бетховен мен Шопеннің туындысын орындаған Лидиан жеңіске жетті.


Тегтер: ДанэлияТөлешова, TheWorld'sBest, байқау, жарыс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.