Димаш Құдайберген The World's Best жобасынан кетті

14 Наурыз, 2019 173 0

Димаш ақтық кезеңде Лара Фабианның репертуарындағы Adagio әнін орындаған. Өнер көрсетіп болғаннан кейін Құдайбергенов балалармен сайысқа түскісі келмейтінін мәлімдеді. 

"Бүгін ерекше қызықты сәт туып тұр. Неге десеңіз, мынадай үлкен жобада біздің мақтанышымыз, еліміздің қазіргі таңда айнасына айналып келе жатқан кішкентай қарындасымыз қатысып жатыр. Индиядан қатысып жатқан бүлдіршініміз бен Данэлия айрықша көзге түсіп жатыр. Сол себептен бүлдіршіндеріміз жеңіске жетіп жатса, біз шын жүректен қуанышты боламыз", - деді Димаш.

Әнін орындап болғаннан кейін Димаш әділ-қазыларға қарап: 

"Сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр", - деді.


Тегтер: димашқұдайберген, TheWorld'sBest, жарыс, әнші, кетті

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.