Әншіге отандық жұлдыздардың 40 мың доллардан аса ақша жинап бергені рас па

13 Наурыз, 2019 525 0

Осыдан бір жарым ай бұрын басталған Гаухар Әлімбекованың айналасындағы дау әлі күнге дейін жалғасуда деп Hola news сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды Бұл жолы көпшілік әншіден отандық жұлдыздар жинап берген қаражаттың қайда кеткенін сұрады.

Кеше танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы істі болған әншіге отандық жұлдыздар 40 мың доллардан аса ақша жинап бергенін жазған болатын. Оның айтуынша, Әлімбекованың атынан шот ашып, мәселенің басы-қасында жүрген Ақбота Керімбекова болған.

«Гауһарды оқымадым. Бірақ, жәбірленушінің сөзін осы жолы құптаймын! Басында осы мәселені көтерген мен едім. Енді Гауһар туралы әр дерекке жауап беру - міндетіме айналды. Гауһардың атынан мен шот ашпадым! Ол - бір. Әнші Ақбота Керімбекова ашып, xалықтан түскен қаражат сол шотқа түсті. Менің таныс досымның өзі 250 000 (екі жүз елу мың) теңге аударды. Ол менен жарияламауды өтінді. Тағы екі апай 50 000 теңгеден аударды.Әншілердің ішінде Мақпал апайымыз 1 млн теңге, Мейрамбек ағамыз 500 мың теңге және де басқа әншілердің 80 пайызы 250 000 теңгеден беріпті. 40 000$ -дан аса жиналды. Білуімше, Бүркіт, Айгерім, Қайрат, Төреғали, Саят тағы басқалар сол күні берді. Әшейінде мұқтаж жандарға ақша жинайық дегенде,отчетбер деп дікілдеп есеп сұрайтындар: менен емес, Ақбота мен Гауһардан сұраңыздар! Маған Ақбота айтпады қанша түскенін. Айтпаса желкелеп тұра алмаймын! Әншілер қарапайым xалық емес, өздігінен қанша түскенін айтып отыратын. Маған ол қызық емес те. Өздерінен сұрасаңыздар болады. Мені мазаламаңыздар!», - деп жазды журналист.

Журналисттің жазбасынан кейін HOLA News редакциясының тілшісі Гаухар Әлімбекованың көмекшісіне хабарласып, істің мән-жайын сұрады. Гауһарға әріптестері жинап берген қаражаттың қайда жұмсалғанына сол күйі жауап ала алмадық. Әншінің көмекшісі Әділхан Гауһарға қаражат жиналғанынан да бейхабар сынды.

«Гауһардың әріптестері ақша жинап берсе, берген шығар. Біз өзімізді кінәлі санамасақ не үшін оған қайтаруымыз керек. Біздің мақсатымыз тек қана – ақталу», - деп қысқа қайырды. Аталған даулы оқиға бойынша толық ақпараттысот ісі жабылған соң ғана айтатындарын мәлімдеді.

Кейін Бибігүл Дәулетбекқызы әншілердің Гаухардың басына іс түскенде қарап қалмай, жан-жақтан ақша жинап бергенін жазғаннан кейін өзіне әлдекімдердің «доқ» көрсете бастағанын жазды.

«Кеше қызық болды. Гауһар туралы пост жазған едім. Өмірімде телефон арқылы сөйлеспеген таныстар xабарласты. Маған өздерінше дікілдейді. Соңғы кездері журналистер мен xалықтың сұрағы: "Гауһардың атынан шот ашылды. Қанша түсті?" дейді. Мен оларға Ақботадан сұраңдар, соның атынан ашылды десем де, болмайды. Содан кеше инстада xалықтан түскен қаражатты жаздым. Танысым 250 000 теңге аударғанын да атап өттім. Ал, "бір әнші" доқ көрсетеді. Аудиожазбасын егер xалық естісе, одан сырт айналып кетері сөзсіз. Оны танитындар: "Бибка, ол әнші отморозоктармен байланыста жүр ғой. Ертең біреуін соңыңнан жіберсе тағы. Абай болшы!" деп ескертуде. Сол мені банға лақтырған әншіге айтарым, аудиозапись сақтаулы. Мен ол жазбаны құқық қорғау органындағы танысыма жібердім. Сен өшіріп тастадым дегеніңмен, менде сақталып тұр. Әгәрәки, менің басымдағы бір тал шашым түсер болса, әлде көлігіме зақым тиер болса, құрыдым дей бер! Бұл - ескерту! Мен талай жындыларды да көргенмін. Алладан ғана қорқамын, адамдардың шакалынан ешқашан қорыққан емеспін!», - деп жазды журналист.

Тегтер: ГаухарӘлімбекова, әнші, ақша, сот, жұлдыздар

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.