Денис Теннің өлімі үшін сотталған күдікті қыз түрмеде босанды

13 Наурыз, 2019 242 0

Алматы қалалық сотының сот алқасы Денис Тен өлімі үшін сотталғандардан түскен аппеляциялық шағымды қарауды бастады, деп жазады Zakon.kz.

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды. Үшінші күдікті Жанар Толыбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімінен кейін екі аптадан соң сотталғандар үкімге апелляциялқ шағым түсірді. 

Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев соттан іс материалыны анықтаманы қосуды сұрады. 2019 жылдың 6 наурызында Жанар Толыбаев түрмеде босанғаны белгілі болды. Оның екінші баласы, ұл бала өмірге келді. 

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қапыда көз жұмған еді. 

Тегтер: денистен, жанартолыбаева, сот, алматы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.