Өскеменде 15 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті

13 Наурыз, 2019 68 0

Өскеменде 15 жастағы Мөлдір Батырханды жақындары істестіруде. Ол ата-анасынан сұранып құрбыларымен кездесуге кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды Устинка LIVE-ке сілтеме жасаған newsroom.kz.

Жасөспрімінің әпкесі Дана Батырханның айтуынша, полицияға сіңлісінің жоғалып кеткені туралы бір күннен соң хабарлаған.

Ол Мөлдірдің үйден екінші рет кетіп қалғанын, алғаш ата-анасымен сөзге келгенде жоғалып кеткенін айтты.

Біріншіде көп ұзамай байланысқа шығып, қайда жүргенін айтқан көрінеді.

Әпкесі бұл жолы қыздың достары мен сыныптастарына хабарласып өз бетімен іздеу ешқандай нәтиже бермей жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Мөлдір Батырханның үстінде: Сұр толстовка, балонды желетке, көк джинс және аяғында ақ түсті спорттық аяқ киім болған.

Жақындары қызды көрген-білгендер болса 8 705 666 67 21 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Дерек көзі : nur.kz



Тегтер: өскемен, іздеу, полиция, МөлдірБатырхан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.