Әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін полиция қызметкері ұсталды

13 Наурыз, 2019 247 0

АҚШ-тың Огайо штатында полиция қызметкері өзімен жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерді бостандыққа шығарған, деп хабарлайды newsroom.kz

Тергеушілердің дерегінше, 55 жастағы офицер Эндрю Митчелл екі әйелді қамауға алып, оларды босатар алдында екеуін де жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Қазір оған қарсы бірнеше айып тағылды.

Тергеу барысында анықталғандай, Митчелл жезөкшелермен ешқашан жыныстық қатынасқа түспедім, деп ФБР агенттеріне өтірік айтыпты. Ал ФБР оның жезөкшелерге жиі баратынан анықтаған.

Тағы анықталғандай, күдікті бірде өзіне пышақ ала жүгірген әйелді атып тастаған. Қаза тапқан 23 жастағы әйел нашақор болып, жезөкшелікпен айналысқанға ұқсайды. Оның екі қызы қалды.

Митчелдің адвокаты мәлімдегендей, күдікті өзіне таңылған айыптармен келіспейді.

Тегтер: ақш, жаңалықтар, жыныстыққатынас, полиция

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.